АКСЕЛС білім беру орталығы шетелде оқу стипендияларын ұсынады
15 ақпан, 2012
16 ақпанда Химия және химиялық технология факультетінің Үлкен залында сағат 15.00-де АКСЕЛС білім беру орталығы шетелде оқу стипендиялық бағдарламалары бойынша презентация өткізеді.
АКСЕЛС ақпараттық біліми орталығы халықаралық білім, оның ішінде АҚШ елінде білім алу жайында мәлімет береді. Презентация кезінде жоғары оқу орындары, бағдарламалар, шетелдік оқу орнына түсу кезіндегі қойылатын талаптар, қаражаттық көмек туралы ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер, магистранттар, докторанттар және университет оқытушыларына арналған шәкіртақылық бағдарламаларды ұсынады.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024