Жаңа проректор тағайындалды

4 сәуір, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып заң ғылымының докторы, доцент, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды. 

Ләззат Еркінбаева 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 

 

Еңбек жолын Азаматтық құқық кафедрасының лаборанты болып бастаған Ләззат Қалымбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры дәрежесіне дейін көтерілді. 

Ләззат Еркінбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасын басқарған.


І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі бірінші проректоры қызметін абыроймен атқарып, басқарушылық бағытта мол тәжірибе жинады. 

Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева бүгінге дейін ҚазҰУ заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы лауазымында жұмыс істеді. 

Ләззат Қалымбекқызын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі