«ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІК» тақырыбында YOUNG RESEARCHER MEETING

8 сәуір, 2023

6 сәуір 2023 жылы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық конференциясы аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика»кафедрасында «ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІК» тақырыбында YOUNG RESEARCHER MEETING өткізілді.

Young researcher meeting мақсаты – халықаралық деңгейде экономика ғылымының мәселелері бойынша магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар арасында тиімді тәжірибе және пікір алмасу алаңын құру болып табылады. Шарағақатысу үшін Қазақстан Республикасының және жақын (Өзбекстан, Түркия) және алыс шетелдердің(Польша, Италия) магистранттары, докторанттарыжәне жас ғалымдары шақырылды. Кездесу гибридті форматта офлайн және онлайн Microsoft Teams платформасында ұйымдастырылды. 

YOUNG RESEARCHER MEETING-те баяндама жасаған спикерлер:

1. Карабалаева Лазат, Акдениз университетінің магистранты, Анталия, Түркия, тақырыбы: «Климаттың озгеруіне қарсы күрес» (қазақ тілінде)

2. Кодиров Сардорбек, ФерПИ университетінің 2 курс докторанты, Өзбекстан, тақырыбы: «Analysis of the development of the digital economy in Uzbekistan» (ағылшын тілінде)

3. Nguyen Kim Tuyet Mai, магистрант, Польша, тақырыбы: «Sustainable development in the face of global challenges: Education, Science and Partnership» (ағылшын тілінде)

4. Акмурзаев Мейірбек, Катип Челеби университетінің магистранты, Измир, Түркия, тақырыбы: «Жаһандану мен цифрландырудың мемлекет тәуелсіздігіне  әсері», (қазақ тілінде)

5. Мейрамбек Аякөз, Эразмус Мундус стипендиаты, Пантеон-Сорбонна, Падуа, Эвора университеттерінің магистранты, тақырыбы: «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру», (қазақ тілінде)

6. Абдуллаева Аружан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты, тақырыбы: «Development of the creative economy: global and regional trends» (ағылшын тілінде)

7. Толбасы Адель, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты, тақырыбы: «Post-Pandemic Economic Development: Realities and Opportunities» (ағылшын тілінде)

8. Байдашева Әмина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты, тақырыбы: «Сыртқы сауда Қазақстан экономикасын әртараптандыру факторы ретінде», (қазақ тілінде)

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г. Р., «Экономика» кафедрасының ҒЗЖ және МС бойынша меңгерушісінің орынбасары, PhD, аға оқытушы Кондыбаева С.К., «Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Иляшова Г.К., э.ғ.к., доцент Андабаева Г. К.