«6В04107 - Маркетинг» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізеді

8 сәуір, 2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтетін XV Республикалық студенттік пән олимпиадасында (әрі қарай Олимпиада) тек «6В04107 - Маркетинг», мамандығының күндізгі оқу формасының 2-3 курс бакалавриат студенттері ғана қатыса алады.

Олимпиада маркетинг саласындағы болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және талантты студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады.

Іріктеу шарттарына сай келетін қатысушылар олимпиаданың екінші (қорытынды) кезеңіне шақырылады.

Дипломдар олимпиада біткен соң табысталады. Олимпиаданың нәтижесі Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігіне жіберіледі.

Қатысушыларды тіркеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, студенттік құжат болуы керек. Команда міндетті түрде жетекшісімен бірге жүреді.

Олимпиаданың демеушілері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ (www.kaznu.kz), "Freedom Finance Global PLC" Қоғамдық Компаниясы (https://ffin.kz/), KazAgroFeed  ЖШС(www.kazagrofeed.kz), Kitapal ЖШС (https://instagram.com/kitapal.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y)