Түркия Республикасының Бас Консулымен кездесу

19 ақпан, 2012

2012 жылдың 10 ақпан күні Шығыстану Факультетінің 503 аудиториясында Түркия Республикасының Бас Консулы Садин Айылдыз мырзаның оқытушылар мен студенттермен кездесу болды. Кездесу барысында экономика, саясат, мәдениет және білімге қатысты көптеген сұрақтар талқыланды. Әсіресе екі мемлекет арасындағы білім мен экономикаға байланысты достық қарым - қатынастар туралы айтылды. Айылдыз мырза оқытушылар мен студенттердің қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Кездесудың бағалылығы түрік тілін білетін студенттердің әр түрлі түрік фирмаларына жұмысқа орналасу тақырыбындағы сұрақтарды шешімін табуы болды.