КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР-УОРКШОП
15 сәуір, 2023
Әл-Фараби атынағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес жоғары мектебінде өткен «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының екінші күні «Экономика» мамандығының 2 курс докторанты Қабылқайратқызы Рысжан «R дегеніміз не жәнеBiblioshiny қолданбасымен жұмыс» атты семинар-тренинг өткізіп, оқытушылар мен жоғарғы курс студенттеріне Scopus базасындағы үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, статистикасын құру және графиктік талдау жасау туралы егжей-тегжейлі талқылау жүргізді. Семинар-тренингке қатысушылар бағдарламалау тілі мен қолданбаны жүктеуден бастап, оны толыққанды пайдалана отырып, зерттеу жасау жолдарын үйренді.
Басқа жаңалықтар
15 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025