"Орхун" бағдарламасы бойынша оқуға өтінім қабылдау басталды

17 сәуір, 2023

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері!

Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті 2023-2024 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлеріне Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия университеттеріне Орхун бағдарламасы бойынша оқуға және оқытуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Студенттерге қатысу шарттары:

- Бакалавриат студенттерінің GPA 2.5/4.0 кем емес болуы керек,

- Ағылшын/түрік тілдерін жетік меңгеру (халықаралық үлгідегі сертификат)

Осы бағдарламаға қатысу үшін студенттерді іріктеуді Түрік тарапы жүргізетініне назар аударуыңызды сұраймыз.

Студенттер қабылдаушы университетінде оқуға төлемейді, бірақ егер студент ақылы бөлімінде оқитын болса, ҚазҰУ-да оқу ақысын төлейді.

Профессор-оқытушылар құрамы үшін қатысу шарттары:

- Түрік немесе ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі

Қажетті құжаттар тізімі

Білім алушыларға:

Candidate Student Application Form (электронды түрде толтырылады)

Транскрипт (офис-тіркеушінің мөрімен және академиялық мәселелер жөніндегі проректордың қолымен)

Түрік немесе ағылшын тілдерін білу деңгейін растайтын Сертификат

Түрік немесе ағылшын тілдерін білу деңгейін растайтын сертификаты жоқ өтініштер қабылданбайды.

Профессор-оқытушылар құрамы үшін:

Academic Staff Information form

Ағылшын тіліндегі түйіндеме

Егер бар болса, ағылшын тіліндегі жарияланымдар, жобалар, дәрістер, семинарлар тізімі.

 

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылдың 22 сәуірі

Осы бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: Ректорат, 12 қабат, 1204 кабинет, үйлестіруші Адина, телефон: +7 (727) 3773333 (ішкі.14-67), adina.aitbulatovna@gmail.com, Adina.Salimbayeva@kaznu.edu.kz 

Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін төменгі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

http://turkunib.org/kz/orhun