Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен ХV Республикалық студенттік пәндік Олимпиада

17 сәуір, 2023

Исламтану мамандығының 3 курс студенті Нуртаева Ельназ Нурланқызы 2-ші орынды иеленді. Олимпиада нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жеңіс кубогімен марапатталып,  «Дінтану», «Теология» білім беру бағдарламалары бойынша келесі жылы болатын ХVI-шы Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданы өз алаңында өткізу мәртебесін иеленді. Студенттер және команданың жетекшісі дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы бұл жеңістерін университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңындағы үлкен жеңіс ретінде қабылдағандарымен бөлісті.