Білім берудегі цифрлық технологиялар және «цифрлық» дәуірдегі балалар

20 сәуір, 2023

2023 жылдың 20 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері «Атамұра» корпорациясының қызметкерлері А.С. Тен және Б.О. Жанкушковпен, орыс тілінде оқытатын мектептердің 2-сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» бойынша цифрлық оқулық авторларының бірі, деканның халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. Ж.А. Баянбаевамен кездесті.

IT-тобының жетекшісі Алира Сунтаковна «Атамұра» корпорациясы қызметкерлерінің қазақстандық мектептер үшін цифрлық оқу-әдістемелік кешендерді құру бойынша оқулық авторларымен бірлесіп жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат ұсынды. Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Оразаұлы инновациялық білім беру платформасында, "Оqulyqtar.kz" сайтында білім алушылардың білімін, іскерлігін және оқу нәтижелерінің дағдыларын бақылау және талдау үшін цифрлық оқулықтар орналастырылғанын айтып берді. Жадыра Амангелдиева В.К. Павленко және Е.Д. Бражниковамен бірлесіп дайындалған оқулықтың құрылымы мен мазмұнымен таныстырды. Әр оқушының білім алу траекториясын бақылауға кең мүмкіндіктер беретін цифрлық білім беру платформалары мен цифрлық оқулықтарды пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.

Қатысушылар кездесуге келген қонақтарға алғыс айтып, сабақта цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері туралы өз әсерлерімен бөлісті.