Философия және саясаттану факультетінде XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі бастау алды

19 сәуір, 2023

Олимпиаданы ресми ашылу салтанаты әл-Фараби кітапханасының Абай залында жүргізілді. Шараға Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөнінен орынбасары А. Альчимбаева, факультет жанындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы секторының жетекшісі С. Амитов, кафедра меңгерушілері Мынбаева А. К., Құранбек Ә.А., факультеттің профессор-оқытушылары, олимпиаданың әділқазылар құрамы, қатысушы командалар мен олардың жетекшілері қатысты.

 

Олимпиаданың мақсаты: талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға көмек көрсету; озық ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; студенттердің ғылыми және зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, қызығушылықты дамыту.

Іс-шараның алдын ала бекітілген бағдарламасына сай қонақтарды қарсы алу, университет және факультет тарихына арналған деректі фильмдерді көрсету, әл-Фараби мұражайына экскурс сынды жұмыстар атқарылды.

 

 

Олимпиаданың ашылуы факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б. Мейрбаевтың сөзімен басталды. Сөз барысында еліміздің іргелі 20 шақты ЖОО -нан (38 команда) қатысуға өтінім түскенін атап өтті. Психология мамандығы бойынша - 18, әлеуметтану - 9 және философия мамандығы бойынша-12. Сонымен қатар, факультет қарамағындағы 3 мамандық бойынша Каспий технология және инжиниринг университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті базаларында өтетін олимпиадаға қатысып жатқанын мәлімдеді. Сөз соңында студент- жастарға олимпиада ғылымның алғашқы басқышы, ғылымға еркін бойлайтын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке екенін ескеріп, сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушы кафедралар ашылу салтанаты барысында тапсырмалардың нақты ережелерімен, талаптар кешенімен қосымша таныстырып, сайыс өз тәртіп-ережесінде бастау алды.