- Басты бет
- Жаңалықтар
- «6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада
«6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Олимпиада бағдарламасы қатысушы оқу орындарына алдын ала жолданды.
Бекітілген бағдарламаға сай олимпиаданың ашылу салтанаты әл-Фараби кітапханасындағы Абай залында өтті. Ресми ашылу салтанатын факультет деканы, қауымдастырылған профессор Б. Б. Мейрбаев мырза ашты және кафедра ұйымдастырушыларына, төрешілерге, қатысушы командаларға, жетекшілерге толағай табыстар тіледі. Шара барысында қатысушылардың құрметіне ән шашу арналды және кафедраның белді мамандары Биржанова Ж.А., Садвакасова, З.М., Калымбетова Э.К. психологиялық тренингтер жүргізді. Бағдарламаның реттілігіне сай қатысушыларға арналған факультет, кафедраның қалыптасу тарихына арналған бейнематериалдар көрсетілімі берілді және әл -Фараби мұражайына экскурсия жасалды.
Олимпиаданың жеңімпаздары келесі ретте анықталды:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I-дәрежелі дипломына:
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті- Асқаров Нұрсәул
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II-дәрежелі дипломына:
- Maqsut Narikbayev University (КазГЮУ) 3 курс студенті Алена Триппель
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 3 курс студенті Сорока Ангелина.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III-дәрежелі дипломына:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті Нұрлан Аружан.
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4 курс студенті Нагайцев Тарас.
- Орталық Қазақстан академиясының 4 курс студенті Горбунов Илья
21.04.2023 Олимпиаданың жабылуы салтанатты түрде өтті. Шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева, факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөнінен орынбасары А.Б. Альчимбаева, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары секторының жетекшісі С. Амитов, әділқазылар құрамы, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен 2-3 курс докторанттары қатысты. Қатысқан командалардың ұпай санын белгілейтін ашық кестелік сұлба көрсетілді.
Шараның кульминациялық кезеңінде жеңімпаздар марапатталды. Қатысушыларға және олардың жетекшілеріне арнайы дипломдар, естелік сыйлықтар, белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар, әділқазыларға және ұйымдастырушы алқалыққа алғыс хаттар табысталды.