Сувра Чакраборти көшбасшылық дәріс өткізді

25 сәуір, 2023

24.04.2023 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебінде AMC Overseas FZE директоры (БАӘ), AMC Media негізін қалаушы (Үндістан), «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының кеңесшісі (Қазақстан) Сувра Чакраборти мырзаның «Мәдениетаралық коммуникация – бүкіл әлемде жұмыс істейтін бірнеше практикалық құралдар» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті. Ол сондай-ақ Халықаралық сауда орталығының (БҰҰ және ДСҰ) ресми кеңесшісі (Швейцария), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ) халықаралық кеңесшісі (Италия), ЮНЕСКО-ның «Киев классикасы» симфониялық оркестрінің құрметті президенті (Украина), Нидерландының Маастрихт университетіне шақырылған оқытушы, ЮНЕСКО «Гуманитарлық ғылымдар, өнер және қоғам» жобасының Консультативтік кеңесінің мүшесі (Франция) болып табылады. 75-тен астам мемлекетте іскерлік тәжірибесі бар маман студенттер мен оқытушылармен құнды ойларымен бөлісті.