Жастарға жылдам психологиялық кеңес беретін жоба өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы университеттерінің психологтары бірігіп, Express Psycho атты коллаборация ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – студенттердің психологке жүгіну мәдениетін қалыптастыру.
Шараға қатысқан психологтер «МАК карта», «Құм терапия», «Нейрографика», «Экзистенциалды анализ және логотерапия» т.б. техникаларды қолдана отырып, қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Нәтижесінде жастар психолог қандай мәселе бойынша көмек көрсете алатыны туралы толыққанды мәлімет алды.
Бұл жобаның маңызы зор. Себебі студенттер қарапайым мәселеге тап болған сәтте қоғамнан, ортасынан алшақтап, соңы үлкен проблемаға әкеп соғатын жайттар жиі кездеседі. Сондай-ақ аралық бақылау, емтихан кездерінде студенттердің көңілі алаң болады. Осындай жағдайларда келеңсіздіктердің алдын алып, бақылап отыру – психологтердің тікелей міндеті. Мұндай жобалар болашақта жалғасын тауып, одан ары дами түседі деген сенімдеміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі