«Earth Day 2023»

22 сәуір, 2023

2023 жылдың 22 сәуірінде шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет пен Ә.Ж. Өтетілеуова университетіміздің “Green Campus” атты бағдарламасы аясында «Earth Day 2023» атты іс-шарасын өткізді. Шығыстану факультетінің 1, 2, 3 курс бакалавриат студенттері белсенді қатысып, Жер-Анамызды сақтап қалу мәселесінің өзектілігін көрсетуге тырысты. Өз қолдарымен дайындап-жасалған плакаттары, сахнада қойылған көріністері, айтылған ән мен тақпақтары арқылы Жер-Анамызды келесі ұрпақтарға сақтап, қорғау қажет екендігін жеткізді. Шетел филологиясы мамандығы бойынша оқып жатқан екінші және үшінші курс студенттері арнайы видео түсіріп, қоршаған ортамызды сақтайық, деген ұран таратты. 2010 жылдан бері ағылшын тілінде өткізіліп келе жатқан іс-шара жылдан жылға тақырыптың аса маңыздығына сай қатысушылардың санын өсіруде.