«Ең үздік жас инвестор» байқауы!
Сіз инвестер болғыңыз келсе және жасыңыз 18-де болса,
«Ең үздік жас инвестор» байқауында сізді күтеміз!
1 наурыздан 1 мамырға дейін 2012ж. Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы АҚ «Тауарлық биржа» Евразиялық Сауда Жүйесі» (ETS) және АҚ «CAIFC Investment Group» Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Ең үздік жас инвестор» байқауына ҚазҰУ-нің студенттерін қатысуға шақырады.
Байқаудың ең негізгі мақсаты: белсенді жастардың тауарлық нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі, оларды жеке инвестор ретінде қаржылық құралдармен операция жасауға тарту. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушыларға Қазақстандағы биржалық ұйымға жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ҚР-да және шетелде стажировка жасауға мүмкіндік туады.
Байқауға қатысу үшін студентке ең алдымен: 24 ақпанға дейін келісім шартқа отырып, банктен жеке есеп шот ашу керек, өзімен бірге: жеке куәліктің көшірмесі, РНН-нің көшірмесі және толтырылған келісім шарт 2 дана (оқу орынның жауапты адамдарында) болуы керек.
Банкте есеп шот ашып, ең төменгі сомма 10000тенге салу қажет. www.bolashak.kz. сайтында толық ақпарат берілген. Байқауға қатысу туралы сұрақтар бойынша Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы және электрондық почта info.almaty@bolashak.kz немесе мына байланыс телефондар арқылы біле аласыздар: (727) 3560755 и 3560756.
Мансап және бизнес орталығы