«Тұрақты даму» бағдарламасы аясында «Қолжетімді және экологиялық таза энергия» тақырыбына арналған іс-шара.

21 сәуір, 2023
ript>X-NONEript>

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Үшкемпіров Б.А., Жұбанова К.Х., Куралова А.Т. және Ермаханбет Н.Р. «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» атты БҰҰ бағдарламасы аясында « Қолжетімді және экологиялық таза энергия » тақырыбында механика-математика факультетінің “Қызыл залында” іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетінің 1 курс студенттері, сондай-ақ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Судан мемлекетінен келген студенті – Емаделдин Абдалла Хассан Еламин қатысты.

Бұл іс-шара өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауды өзімізден бастау, олардың еңбекке, білімге деген тұрақты ынтасын ояту, халықтар арасындағы достықты нығайту сияқты мақсаттарды көздеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Суданнан келген қонағымыздбен бірге берілген тақырып бойынша презентациялар, бейнематериалдар мен ойындар дайындап, әлемге әйгілі ертегіні экология тақырыбына сәйкестендіріп, қызықты мәліметтермен бөлісті. ҚазҰУ-дың оқытушылары өз пікірлерін білдіріп, қызықты баяндамалары үшін студенттерге алғыстарын білдірді. Іс-шара өте қызықты, мазмұнды өтті және әрбір студент бұл кездесуден пайдалы нәрсені үйренді. Дөңгелек үстел оффлайн және онлайн ZOOM платформасында қазақ және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды.

 

 

Төмендегі сілтеме арқылы іс-шараның бейнежазбасын қарап көре аласыз:

https://drive.google.com/file/d/1m_welGBHQyIWoGxskIOirJxbZpFjQXm3/view?usp=sharing