- Басты бет
- Жаңалықтар
- 28 ақпан ҚазҰУ-да «Бизнес және ғылым – 2020» екікүндік халықаралық семинар-кеңесі өтеді
28 ақпан ҚазҰУ-да «Бизнес және ғылым – 2020» екікүндік халықаралық семинар-кеңесі өтеді
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-мнистрі Қаныш Тілеушин шетелдік белгілі сарапшылардың қатысуымен өтетін ғылыми жұмыстарды коммерциаландыру мен ғылым және бизнестің интеграциясы жайлы семинар-кеңесті ашады.
Бұл семинар инновациялар, жаңа технологиялар, коммерциаландыру және трансфер саласындағы тәжірибе, ақпарат, жаңа идеялармен алмасу алаңына айналмақ. Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әлемдік озық тәжірибені ескере отырып дайындалып жатқан Жол картасы «Бизнес және ғылым - 2020» атты бағдарламаға енетін және еліміздің Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда отандық ғалымдарымыздың жаңалықтарын ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Семинар-кеңес жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясы, Ұлттық инновациялық қор, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Еуразиялық банк», «Альянс банк», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі және т.б. қатысады. Шетелдік қонақтар әрі қатысушылар Хосе Карлос Квадрадо – инженерлік білім беру халықаралық қоғам федерациясының президенті, Лиссабон заманауи инженерлік институтының президенті (Португалия), Ханно Шаумбург – Гамбурск технологиялық университетінің құрметті профессоры, (Герма¬ния), Юрий Похолков – Ресей инженерлік білім беру қауымдастығының президенті, Ёнг Мин Пак - «Jipyung+2 International» компаниясының президенті (Оңтүстік Корея) және басқалар. Бұл шара барысында сондай-ақ 2011 жылдың қазан айында өткен «Зерттеу университеттерінің қалыптасуы және олардың ҚР инновациялық дамуындағы рөлі» атты халықаралық форумда негізі қаланған «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Достары» халықаралық клубы мүшелерінің кездесуі өтеді. Бұл еріктілікке негізделген халықаралық бірлестіктің жұмысы университеттің дамуына, оның әлемдік ғылым-білім беру кеңістігіндегі орынының нығаюы мен күшеюіне ықпал жасауға бағытталған. Клуб эндаументті дамытады, яғни университеттің ғылым мен инновациядағы, білім берудегі ісіне қаржы көзін тарту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық инновациялық қор, «ҚазҰУ достары» халықаралық клубы.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі