Профессор Н.Х. Калишеваның қонақ дәрісі

17 сәуір, 2023

 

2023 жылдың 17 сәуірінде ҚР ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсында білім алып жүрген учаскелік полиция инспекторларына онлайн режимде Конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы білікті маман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Калишева Нажия Хусаиновнаның «Конституциялық реформа: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың қазіргі кезеңдегі трансформациясы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.


Кездесу барысында әкімшілік реформаның барысына, мемлекеттік басқарудың трансформациясына және әкімшілік әділет саласының кеңеюіне әсер еткен Қазақстандағы конституциялық өзгерістерге арналған мәселелер қаралды.

Егемен Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа арналған іс-шара барысында лектор мен білім алушылар арасында сенімді диалог қалыптасып, сұрақтар қойылды. Кәсіби маман және ғалыммен осындай дәрістердің өткізілуі полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда үлкен септігін тигізері сөзсіз.

 


 

https://www.instagram.com/p/CrNxCR1sv2D/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D