"Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қаупі туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы" тақырыбында дәріс

7 ақпан, 2023

Ақпан айының 7 жұлдызында География және табиғатты пайдалану факультетінде (Баз-3 ауд) оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында "Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қаупі туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы" тақырыбында дәріс оқылды.

Дәрісті доцент Бергенева Н.С. жүргізді. Дәріс барысында табиғи қауіп орын алған жағдайда азаматтардың жасауы керек іс-әрекеттері айтылып, ақпараттар берілді.