СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

3 мамыр, 2023

Медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4-курс студенттері еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқармаларында іс-тәжірибеден өтті.

Өткен жылы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мен университет арасында меморандум жасалған еді. Соған сәйкес, студенттер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармаларда іс-тәжірибеден өтіп, мамандықтың қыр-сырын, негізгі атқарылатын жұмыстарды жете меңгерді. Көпшілік студенттердің өтініштеріне орай, екіжақты келісімшарт арқылы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық департаменттер мен басқармаларда тәжірибелерін шыңдады. Соңғы курс студенттері мамандармен бірге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсарту мақсатында эпидемиологиялық ошақтарға барып сынама алу, халыққа санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуде өз үлестерін қосты. Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық департаменттері мен басқармаларының басшылары мен мамандарына болашақ маман даярлау ісіне зор үлес қосып жатқаны үшін айтар алғысымыз шексіз. Университет пен жұмыс берушінің арасында тығыз байланыстың арқасында ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бітірушілері болашақта бәсекеге қабілетті маман иесі болатынына сенеміз.  

 Гүлбану АРЫНОВА,

доцент

Жанна РОМАНОВА,

доцент,

өндірістік практика жетекшілері