ҚазҰУ студенттері Лонданға жолдама ұтып алды

27 ақпан, 2012

Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға лицензия алу үшін 2012 жылдың 24-27 қаңтарында Жапонияда су добынан Азия чемпионаты болып өтті. Чемпионатта Қазақстанның құрама командасы жеңіп, лицензияға қол жеткізді. Қазақстанның құрамасына біздің студенттер қатысты, филология факультетінің 4 курс студенті Алексей Шмидер және біздің түлек Роман Пилипенко.

Бірінші матчта Қазақстанның құрамасы Қытай құрамасымен теңбе-тең келді. Оларды жеңу біздің құрамаға 100% Лондонға баруға мүмкіндік берді. Сергей Дроздовтың шәкірттері мұны жақсы түсінгендіктен, 100% - ға беріліп ойнады. Соңғы мәреде біздің жігіттер есепті 6:3 жеткізді, бірақ Күншығыс елінің спортшылары есепті екі мәрте теңестірді, кейіннен есеп 7:7 болды. Алайда соңғы сөз қазақстандықтарда болды. Мәре ысқырығына 37 сек. қалғанда Алексей Шмидер соңғы голды салып, Қазақстанға ерекше жеңіс алып келді.

«Prosport» журналының рейтингісінің қорытындысы бойынша Алексей Шмидер қаңтар айының ең үздік спортшысы атанды. Бұл жеңіс Қазақстанның Ұлттық құрамасына Лондонда болатын Олимпиадалық ойындарға лицензия алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жеңіл атлетикадан биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенттері Айман Қожахметова және Галина Кичигина, жүзуден осы факультеттің 4 курс студенті Олег Работа, ал ауыр атлетикадан заң факультетінің 2 курс студенті Светлана Подобедова 2012 жылғы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға лицензияларды жеңіп алды.

Жарыста жеңіс тілейміз.