ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттармен кездесу

18 сәуір, 2023

2023 жылдың 18 сәуір күні филология ғылымдарының кандидаттары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары С. Б. Тілеубаев, С.Д. Дәрібаев, Е.К. Кәрібозов М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттарымен кездесті. Кездесу аясында олар курсанттарға «Сөйлеу мәдениеті және сот риторикасының ерекшелігі» тақырыбында дәріс оқыды.