Алматыда дағдарысқа қарсы жастар штабы жұмыс істеуде

25 ақпан, 2009

2009 ж. 24 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттік штабы «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының ролі» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты. Қазіргі елдегі экономикалық ахуалға жан-жақты талдау жасау және жастар арасында түсіндіру. Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс кілті» мақаласы бойынша пікірсайысқа қатысу, көкейкесті мәселелерді талқылауға жастар мен жастар ұйымдарын тарту. Мемлекеттік бағдарлама мен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда жастар бастамасын қолдау.

2009 ж. 8-18 ақпан аралығында ҚазҰУ Жастар ұйымы басқармасының белсенді студенттер тобы әлемдік экономикалық дағдарыстан өту жолдары талқыланған Үкімет және «Нұр Отан» ХДП мүшелерімен өткен бірқатар кездесулерге қатысқан болатын. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖК-ның қолдауымен дағдарысқа қарсы жастар штабы құрылды. Жетекші ұлттық университетінде құрылған антидағдарыстық штаб қызметі жоғары оқу орны басшылығы, «Жас Отан» ЖК, қоғамдық қалалық жастар ұйымдарымен бірге студенттік ортада әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарын төмендету мен алдын алуға арналған нақты шаралар қолдануға бағытталады.

Дөңгелек үстел бағдарламасы:

· «Жас Отан» ЖК қарамағындағы әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттер штабының тұсаукесері.

· Әлемдік экономикалық дағдарыс мәселелерін және оның Қазақстандағы салдарын қарастыру.

· ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырудағы жастар ұйымдарының ролі.

· әл-фараби атындағы ҚазҰУ антидағдарыстық студенттер штабының үндеуі.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖК атқарушы хатшысы Нарымбетов Бақытжан; ҚазҰУ-дың антидағдарыстық студенттер штабының жетекшісі Сүлейменова Жұлдыз; «Жас Отан» ЖК Орталық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы бойынша Қазақстан студенттері Альянсының жетекшісі Ғиззатов Тақан; Алматы қаласы бойынша Қазақстан Жастар конгресінің төраймы Әбікеева Дана; ҚазҰУ-дың Жастар ұйымы басқармасының төрағасы Оралғазин Марат; ҚазҰУ Студенттер сенатының төрағасы Серім Ғалымжан; жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының өкілдері; Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы қ.а. Баймұханов Н.Б.; Алматы қаласы жастар саясаты мемлекеттік қорының директоры қ.а. Мұхамеджанов Д.И.; сарапшылар ретінде ҚР Президенті ҚСЗИ мамандары мен экономика және бизнес, халықаралық қатынастар, құқықтану, философия және саясаттану саласындағы жетекші мамандар мен Алматы қаласы ЖОО студенттері қатысады.

Уақыты мен мекен-жайы: 24 ақпан, сағ. 12.00. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құқық факультеті Ғылыми Кеңес залы, 304 ауд.