Жазушы Дидар Амантаймен кездесу

15 сәуір, 2023

2023 жылдың 15 сәуірінде филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Имаханбет филология факультетінде белгілі жазушы, философ Дидар Амантаймен кездесу ұйымдастырды. Кездесу аясында Д. Амантай өзінің шығармашылығы туралы айтып, студенттердің қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы туралы сұрақтарына жауап берді.