Қолдау деп осыны айт

28 ақпан, 2012

Бір күннің ішінде ҚазҰУ-дағы шәкіртақы саны 27-ге өсті. Оның 19-ын оқуда озат, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім балаларға тағайындаған экономика және бизнес жоғары мектебінің қаржы кафедрасы ерледі.

Әдеттегідей, шәкіртақылар Ректорат мәжілісінде студенттерге тапсырылды. Факультет деканы Баян Ермекбаева ҚазҰУ-дың озат оқушыларға деген қаржылай қолдауы түкпір-түкпірге танылып отыр дейді. Оған Повладар қаласы әкімдігінің тағайындаған шәкіртақысы куә болды.

Бұл игі бастамада бұған дейін ірі компаниялар белсенділік танытса, бүгінде бұл қатарға білім ордасында қызмет еткен ғалымдар атындағы шәкіртақылар мен қара шаңырақта қызмет етіп жүрген университет оқытушыларының жеке шәкіртақылары қосылды. Куратор-эдвайзерлік тобындағы үздік студентке шәкіртақы тағайындаған қаржы кафедрасының оқытушысы Сейсенбай Өсербайұлы: «Адам капиталына салынған қаржы өзін-өзі ақтайды», - дейді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі