Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін байқау жарияланды

13 мамыр, 2023

КеАҚ «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы №199 «2023 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындардың санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес игерілген білім беру оқу бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып, академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде бір семестрге оқыту үшін байқау жариялайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру Университет пен шетелдік серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Байқауға қатысу үшін құжаттар екі жолмен ұсынылуы мүмкін:

 

1.Университеттің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне келесі құжаттар тізбесі тапсырылады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;

3) Білім туралы құжаттар: университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):

1. Шет тілінің деңгейін анықтап, баға беретін халықаралық жүйелері арқылы алынған Сертификат (IELTS, TOEFL);

2. Шетелдік жоғары оқу орнының шет тілінің бар деңгеймен студентті қабылдауға келісімі туралы хаты;

5) № 072/е Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін);

6) шетелге шығуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда жазбаша келісімі;

7) студент отбасының көп балалығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болса);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

 

2. Еgov.kz порталға:

1) үміткердің ЭЦҚ қойылған өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының электрондық көшірмесі;

3) Білім туралы құжаттардың электрондық көшірмесі:

университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады): 1. Бар болса, шет тілін меңгерген деңгейін бағалайдың халықаралық жүйелері арқылы алынған Сертификат; 2. Шетелдік жоғары оқу орнының шет тілін меңгерген деңгейімен студентті қабылдау туралы келісімі хаты;

5)медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығушы үшін);

6) шетелге шығуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

7) студент отбасының көп балалығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

8) білім алушы ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

    Үміткерлерді іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашада бекітілген N 613 бұйрығымен «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес талапкерлерді іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.

Байқау мәселелері бойынша консультацияларды әр факультеттің ғылыми – инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасарлары жүргізеді.

 

Жұмыс кестесі:

1) Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 74, Ректорат, 7-қабат, 705 каб.;

2) Портал egov.kz: тәулік бойы.

 

 Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылдың 10 тамызға дейін.