Басқа күнді былай қойғанда, әр дүйсенбі сайын ҚазҰУ-дың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейе түседі.
Бұл жолғы Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов пен Вайоминг университеті президенті атынан М. Браун екі-жақты ынтымақтастық келісім-шартына қол қойды. Тағы бір жаңалық университеттің Эндаумент қорына қазұулық түлек, Халықаралық бизнес академиясының Президенті-ректоры Асылбек Қожахметов бес жүз мың теңге аударды. Ал Ұдайы жақсартудың Кайдзен стратегиясы бойынша келіп түскен идеялар төңірегінде Сапа менеджменті және ақпараттық-сараптамалық зерттеулер бөлімінің бастығы Гүлшат Минажева баяндады. Нәтижесінде, университетте бала бақша ашу, тегін жаттығулар алаңын құру және азаматтар әскери кафедрада дәріс тыңдаса, қыз балаларға бірінші жедел жәрдем көрсету курстарын оқыту идеялары басшылық назарын аудартты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі