27 ақпанда «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

28 ақпан, 2012

«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі бас болған алқалы жиынға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Р.Е. Жансараева, студенттердің ғылыми зерттеу орталығының директоры з.ғ.к., доцент Н.С. Жетібаев, Алматы қалалық ІІД ҚКП бастығы, подполковник Б.Ш. Абдуалиев, Алматы қалалық ІІД Тергеу бөлімінің бастығы, подполковник Ә.Л. Тұрсынбетов, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика бірлескен үйірмесінің төрағасы з.ғ.к., доцент О.Н. Тілепбергенов қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы м.Е. Ақболатова, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Б. Шопабаев қатысты.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге аталған тақырып аясында заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Олар меншікке қарсы қылмыстарды әр түрлі аспектіден қарастыра отырып, алуан түрлі тақырыптарды қамтыды. Соынымен қатар, құқық қорғау органдарның қызметкерлеріне әр түрлі тәжірибемен байланыстыра отырып сұрақтар қойды. Мысалы, 203 топ студенті Ханзия Жұмаханова «ізгілік саясаты қолданыстағы Қылмыстық кодекске қалай әсер етті?» деген сұраққа құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәйекті де, тұшымды жауап берді. Дөңгелек үстел өте мазмұнды және мәнді өтті. Студенттер өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, білімдерін байыта түсті.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының