Тарихи тұлғалардың қоғамдағы орны қандай?

30 мамыр, 2023

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедра­сының ұйымдас­ты­руы­мен «Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция өтті. Мұндағы мақсат – әлемнің тұрақты даму тұжырымдамасы аясындағы отандық тарих ғылымының орнын анықтау.

Конференцияға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолияның ғалымдары мен баспагерлері, отандық ғалым ұстаздар: Алматы, Қарағанды, Астана, Шымкент т.б. университеттерінің профес­сор­лық-оқытушы құрамы, Ш.Уә­ли­ханов атындағы Тарих және этно­логия институтының ғалымдары қатыс­ты. Баяндамашылар тарих ғылымының өзекті мәселелерін, тарихи тұлғалардың қоғамдағы орны туралы ойларын ортаға салды.

И.Арабаев атындағы Қырғыз мем­лекеттік университеті Ара­баев­тану орталығының дирек­то­ры, тарих ғылымының кандидаты Ж.Байдилдеев «Қырғыз-қазақ интеллигенцияларының бай­ла­ныс­тары», М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті Дү­ниежүзі тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымының докторы Б.Хайназаров «Өзбек­стан­дағы Ш.Уәлихановтың ғы­лыми мұрасының тарихи мұра­дағы орны», осы университеттің тарих ғылымының докторы, Дү­ниежүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Д.Ураков «Тарихи білімді дамытудағы әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің рөлі» атты баяндама жасады.

Ал Қазақ ұлттық қыздар педа­го­гикалық университетінің до­центі, тарих ғылымының канди­да­ты Ф.Шамшиденова Қазақстан тарихнамасындағы «жаңа ба­ғыт­тың» ұстанымдары туралы баян­дады. «Жаңа бағыттағы» еңбектер ХХ ғ. 60-80 жж. бастау алып, қазіргі кезге дейін жалғасып жат­қанын сипаттады. Жинақталған ең­бектерді жазуда баспасөздегі пікірталастарда тарихшылардың «жаңа бағытқа» деген көз­қара­сы­ның маңызды екені сараланды. Қазіргі кезде ғылымның қоғам өміріндегі рөлінің өзгеруімен өткенге сыни көзбен қарап, жеке тұлғаны тұтас әлеуметтік қатынас жүйесінде кең түрде көрсетуге мүмкіндік бар, бұл тарихи пер­со­на­лис­тиканы терең қарастыруға ын­таландырады.

Е.Бөкетов атындағы Қара­ған­ды университеті Дүниежүзі тари­хы және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы И.Хлебников «Тарих ғылы­мын­да­ғы әлеуметтік мәдени қауым­дас­тық ұғымы: концептуалды аспект» атты баяндамасында деидео­ло­ги­зацияланудың ғылымға әсерін сипаттады.

Конференция онлайн және офлайн платформасында өтті. Оның жоғары деңгейде өтуіне фа­куль­тет деканы С.Суатай, ка­фе­дра меңгерушісі С.Сартаев көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ кафе­дра­ның ұйымдастыру комитеті, та­рихшы ғалым-ұстаздар бел­сенді түрде атсалысты.

 Айша БЕГАЛИЕВА,

Рахила НАРАЛИЕВА,

аға оқытушылар