Ө. Жолдасбеков туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті
1 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы өз жұмысын бастады. Өткен жылы Ө. Жолдасбековке 80 жыл толуына орай ҚазҰУ-да ескерткіш қойылып, халықаралық симпозуим өткен болатын. Ал биыл екінші рет оқушылардың ғылыми жұмыстарының конкурсына Өзбекстаннан, Тәжікстаннан оқушылар да қатысуда.
Конкурс академик Ө.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, қатысушыларға Бахыт Қайырбековтың режиссерлығымен түсірілген, «На изломе эпох» деректі фильмінің алғаш көрсетілімі болып, тұсаукесері болып өтті. Білім ордасы, студенттер арналған ҚазҰУ қалашығының негізін қалаушы Өмірбек Жолдасбековтің өмір мен шығармашылығы, қызметтегі жетістіктері толық қамтылған. Режиссер университет қорына өзінің 40-қа жуық киноларын сыйға тарту етті.
ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов жақсы дәстүрге айналып келе жатқан конкурс қатысушыларына жарыста жеңіс тіледі. Сонымен қатар, Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылар конкурсының ашылуына Білім және Ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Өмірбек Жолдасбековтің ұл-қыздары да келіп қатысты. Ұлы Скандербек Өмірбекұлына Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы медалімен ҚР Президенті жарлығымен вице-министр М. Сарыбеков марапаттап, Білім және Ғылым министрі атынан құттықтады.
Оқушыларға үлгі боларлық дүниелер арнайы жасалынып отыр. әрбір оқушы жарысқа қатысар алдында Өмірбек Жолдасбеков деген кім, қандай тұлға болғандығы туралы ізденеді. Осыған орай, киноның көрсетілуі, ғалымның балалары мен дос, сыныптастарының еске алу сөздері де ғылым-білім саласында жетістікке жетемін деген жас ізденушілерге таптырмас құнды мағлұмат болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі