Ғылым қоры гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды
Ғылым қоры Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады.
Конкурстың мақсаты – гранттық қаржыландыру тетіктері арқылы табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, өндірістік жұмыстар мен мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми-техникалық және зияткерлік қызмет нәтижелерін тәжірибеде қолдануға жәрдемдесу.
Крнкурстық құжаттама «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), Ғылым қорының (www.science-fund.kz) және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition) сайтында жарияланған.
Бір жобаны жүзеге асыру үшін бөлінетін гранттың максималды сомасы 350 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ грант алуға өтінім берген дербес білім беру ұйымы және олардың ұйымы конкурсқа қатысуға үміткер болып табылады.
Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін.
2023 жылдың 7 маусымында ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасының 408 залында сағат 10.00-де «Ғылым қоры» АҚ төрағасы Әбділда Атамұратұлы Шәменов аталған конкурс бойынша университет ғалымдарымен және жобаға қатысатын жеке серіктестермен кездеседі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі