Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ер азаматтары биылғы жылы да 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне қызу дайындық үстінде. Өткен жылдан бастап университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен осы мереке ерекше аталып, барша арулардың алғысына бөленіп жүргені баршамызға белгілі.
«Барлығы сіздер үшін, арулар!» атты кеште тек ер азаматтар ән салып, би билейді. Композициялық қойылымдар қойылады. Проректорлер, деканның орынбасарлары, бөлім басшылары өздерінің жеке номерлерін көрсетеді. Сондықтан да барлық аруларымызды тосын сыйлар күтіп тұрғаны анық. Сахна мерекеге сай дизайнмен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Өтетін орны: Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы
Уақыты: 6-наурыз, 2012 жыл.
Басталуы сағ.: 17.00
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024