Бадминтоннан ҚазҰУ құрамасы 1-орын алды
Ақтау қаласында ҚР ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бадминтоннан құрама командасы алтын медаль ұтып алды.
Дүбірлі додада ерлер арасындағы жарыста құрама команда атынан философия және саясаттану факультетінің 1-курс студенті Илья Маликов, ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті Наир Райан, механика-математика факультетінің 3-курс студенті Алпысбай Шыңғар сынға түсті.
Ал қыздар арасындағы сайыста заң факультетінің 3-курс студенті Айжан Күзтаева, шығыстану факультетінің 2-курс магистранты Әйгерім Жақай мен осы факультеттің 3-курс студенті Аружан Амангелдина университет намысын қорғады.
Осылайша құрама команда жалпы есепте үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Бұл спорт түрінен команданың жаттықтырушысы – ҚазҰУ спорт клубының оқытушысы Раушан Заурбекова.
Бүгінде аталған спорттық шараға еліміздің 55 жоғары оқу орнынан 3000 студент қатысуда. Олардың барлығы 17 спорт түрінен сайысқа түсуде.
Студенттік универсиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі