"Мен және Корея" атты интеллектуалдық шоу
Бұл аталған екі университеттің шығыстану факультеті студенттерінің корей тілін қаншалықты меңгергенін сынау ғана емес, сонымен бірге Корея туралы ортақ мәліметтер жайлы жарыс болды.Толығырақ айтар болсам, конкурста командаларға әр түрлі деңгейде Корея туралы, елдің мәдениеті, салт дәстүрі, экономикасы мен географиясы, Қазақстан мен Корея арасындағы қарым қатынасы және Қиыр Шығыстан корейліктердің көшу тарихы жайлы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, әр команда үй тапсырмасы ретінде Корея туралы сахналық көрініс дайындап келуі міндетті болатын. Біздің команда барлық турларға өте жақсы дайындалып, өзінің жан жақтылығы мен үлкен басымдылығымен көзге түскенін атап кетуге болмас. Бірақ жеңісКазУМОиМЯ Университетінің командасына бұйырды. Көптеген көрермендердің айтуынша негізгі басты басымдылық командалар арасындағы жас айырмашылығында болды. Біздің бірінші және екінші курс студенттері төртінші курстың командасына қарсы жарысты. Бұл аталған интеллектуалдық шоу біздің шығыстану факультеті студенттерінің алғашқысы болатын. Біраз тәжірибе жинақтаған команда мүшелері алдағы болатын басқа да жарыстарда өздерін жақсы қырынан көрсететініне сеніміміз мол. Бұл конкурста Университет атынан корейтану кафедрасының студенттері :Хан Аэлита, Ким Валерия, Даутов Бауыржан, Алтынбай Дидар, Садуакасова Айгерім и Нургалиева Нұргүл қатысты. Аталған студенттерді Қазақ Ұлттық Университеті атынан шын жүректен құттықтаймын, себебі осындай кең ауқымды конкурсқа қатысудың өзі үлкен жеңіс деп есептеймін. Қолдарына плакаттар көтеріп біздің команданы бүкіл конкурс бойы қолдаған жанкүйерлерді ерекше атап өткім келеді. Конкурстың өзі қазылар алқасы тарапынан әділ және жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Осындай кең көлемде өткен конкурсты ұйымдастырған Корей орталығына алғысымды білдіремін.
Мурат Акерке ин.фил, 1 курс, Тин Анастасия ин.фил 1 курс