ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАУЫСТЫ ТАНУ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ
Қазір адамды анықтау үшін биометриялық әдістер қолданылады. Биометрия – бұл адамды бірегей физиологиялық немесе мінез-құлық сипаттамаларына негізделген сәйкестендіру әдістері мен құрылғыларының жиынтығы. Биометриялық әдістер мыналарды қамтиды: саусақ ізін алу; көз торын анықтау; бет әлпетті тану, дауысты тану; қолжазбаны тану.
Бұл жобаның мақсаты – жасанды интеллектіні пайдалану арқылы дауысты тану. Сонымен қатар оны нақты уақыт режимінде бақылау функциясын орындайтын қосымшаны іске асыру.
Біз ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ цифрлық салада тілдерді қолдануды ілгерілету мақсатында сөйлеу синтезінің жобасын әзірледік. Мәтінді сөйлеуге түрлендіру дегеніміз – адамның сөйлеуін жасанды түрде жасау. Бұл жазбаша мәтінді сөйлеу сигналына түрлендіруге мүмкіндік береді. Мұндай технология интерактивті виртуалды ассистенттер, навигациялық жүйелер, ескерту жүйелері, нашар көретіндерге арналған көмекші технологиялар сияқты көптеген қосымшалардың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Ол визуалды және тактильді интерфейсті қажет етпестен адамның технологиямен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Дауысты тану және боттың жауаптарын дауыстау үшін Speech Recognition кітапханасы қолданылады. Жүйе сұрақ туындаған кезде шексіз циклді күтеді, біздің жағдайда микрофоннан дауыс шығады, содан кейін оны мәтінге түрлендіреді және нейрондық желіге өңдеуге жібереді. Мәтіндік жауап алғаннан кейін ол сөйлеуге айналады, жазба жоба қалтасында сақталады және ойнатылғаннан кейін жойылады. Негізі, әдепкі параметрлермен жауап беру уақыты жеткілікті ұзақ болуы мүмкін, кейде 15-30 секунд күту керек болады.
Осы мақала аясында дауыстық көмекшіні іске асыру тәжірибесін практикалық түрде студенттермен бөліскіміз келеді әрі оны бұдан да ақылды және пайдалы ету үшін бірталай идеяны қарастыру арқылы қоғамға тың бағдарламалар алып келу жағын ойластырған абзал екенін айтамыз.
Дария БАЙМАНОВА,
Жанар МЕДЕТБЕК
ақпараттық технологиялар факультеті