Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

28 маусым, 2023

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жоғары білім мен ғылым саласын дамытуға белсенділік танытып, ҚазҰУ қызметін насихаттауда сіңірген еңбектеріңіз ерен.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Халқымыз «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің өсіп-өркендеуі тек Үкіметке немесе жалпы билікке байланысты емес. Мемлекетіміздің дамуына әр азаматтың үлес қосуы аса маңызды. Бұл – өте қарапайым әрі өзекті формула.Сондықтан тілші қауымның да, қатардағы азаматтың да, Президенттің де мақсаты – ортақ, мүддесі – бір деп ойлаймын. Бұл – тәуелсіздігімізді нығайту, елімізді көркейту. Осы міндетті жүзеге асыру үшін елімізге адал еңбек ету – парыз!» деп атап өтті.

Мерейлі мерекеде ақпараттық қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. 

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және шығармашылық табыс тілейміз.

Қаламдарыңыз жүйрік болсын!

 

Құрметпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры  

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ