«Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиетттану және әлем тілдері факультетінде «Ай-ару» деп аталатын рухани танымдық республика жоғарғы оқу орындары студенттері арасында «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті. Алғаш рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған студенттер өз ғылыми еңбектерін паш етті. Мәселен, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Е.Беркімбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Н. Баймбетовалар және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінен, С.Демирал атындағы университеттен т.б оқу ордаларынан келген жас ізденушілер әр кезеңдегі әйел тағдырын талқыға салды. Форумда қазақ прозасындағы әйел тағдыры авторлық ұстаным, образ шынайылығы жанрлық көркемдік сипаттар тұрғысында баядамалар жасалды.
Қазақ қызының тәрбиесі ретінде, оның бастауында тұрған әдебиет деп бастаған Ө.Әбдіманов қазақ қызының құндылығын қорғау бүгінгі күннің мәселесі деді. Ол «Ай-ару» клубы өз жұмысын бастағалы бір жыл көлемінде студенттеріміздің ғылымдағы алғашқы баспалдақтарымен құттықтады. Студенттердің ғылыми еңбектерін бағалау мақсатында арнайы қазылар алқасы да құрылды. Атап айтар болсақ, Күләш Ахмет ф.ғ.д. Жұматай Шаштайұлы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Әлия Бөпежанова әдебиет сыншысы т.б төбе көрсетті.
Студенттердің сайысында жастар белгілі ақын жазушыларымыздың әйел тақырыбына қалам тербеген туындылардағы қазақ әйелінің бет бейнесін ашып, заманында өз құқықтары үшін күресуге қауқары жетпегендігін атап өтті. Теңдік мәселесінің сақталмауы сол заманның ащы да, өткір өзегінің болғандығы баршаға белгілі.
Жастардың ғылыми-тәжірибелік форумында бас жүлдеге ие болған «Натурализм және әйелдер образы» баяндамасы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Ә. Жакулаев ие болды. Ал бірінші орын Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің студенті Г. Тілеумбетоваға бұйырса, 2-ші орын иегерлері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Б. Хасенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен келген Н.Баймбетова және 3-ші орын Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан Г. Рахметовалар иеленді.
Факультет деканы Қансейіт Әбдезұлы жас ізденушілердің ең ұтқыр шыққан дүниелері газет бетіне жарияланатындығын атап өтті. Оның айтуынша, жоғарғы оқу орындары арасында өтіп жатқан рухани танымдық жобаның жастарға берері мол игілікті іс деді. Адамның ең сабырлы серігі кітап оқу деген Қ.Әбдезұлы жастарды кітап оқуға шақырды.
Қай қоғамда болмасын әйел тақырыбы өз өзектілігін жойған емес. Себебі, әйелдің қоғамдағы рөлі тек отбасының ұйтқысы ғана емес, бүгінде мемлекеттің тірегі, саясаттың саңлағы қоғамның белсенді мүшелерінің бірі. Форумда баланың ақылды, саналы азамат болуы, ананың тектілігінен деген тұжырымды медицина ғалымдарының өзі мойындап отыр деді. «Жігітттің жақсы болуы нағашыдан» деген қазақ мақалы осыған дәлел болса керек. Қазақ әйелінің болмысы, мінез-құлқы, мейірімділік пен қайсарлығы ешқашан өз мәнін жоймайды және жалағаса береді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі