Студенттер кезекті клуб мәжілісінде бас қосты

7 наурыз, 2012

Университетіміздің заң факультетінде, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының студенттік клубтарының кезекті мәжілістері өтті. Студенттік клубтар үш бағытта жұмыс жасайды. Олар: «Эколог-заңгер» жер құқығы, экологиялық құқық және тау-кен құқығы бағыты, жетекшілері Джангабулова А.К., Накишева М.К., екінші бағыт: «Қаржыгер» кеден құқығы және қаржы құқығы, жетекшісі Ашим А.М., «Құқық негіздері» заң факультеті және өзге де факультеттердің студенттеріне арналған, жетекшісі Смагулова Д.С.

Жалпы, осы клубтардың жұмысын ұйымдастыруда және оған қатысып, баға беруші кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы, соның ішінде, кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Лаптева Н.Г., доцент Қалымбек Б., доцент Айдарханова К.Н., доцент Баимбетов Н.С., доцент Калиев М.М., аға оқытушылар Умербаева Р.Е., Шуланбекова Г.Қ. және Есекеева А.А. сынды оқытушыларды атап кеткен жөн.

«Заңгер-эколог» студенттік клубы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі «Жер учаскелеріне жеке меншіктің пайда болуы және жүзеге асыруы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Осыған байланысты, студенттер жерге меншік құқығының пайда болуы, шетел тұлғаларының жерге құқықтарын, жер учаскесінің меншік иесін анықтау және құжаттық рәсімдеу кезінде туындайтын дауларды шешуге байланысты ұсыныстар білдіріп, қызықты баяндамалар мен презентацияларын дайындап қатысушыларға ұсынды. «Құқық негіздері» студенттік клубы «Кеден одағындағы Қазақстан Республикасының кеден саясаты» атты тақырыпта пікірталас өткізді. Студенттер отырысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, өзекті мәселелерге байланысты бір-біріне сұрақ қойып, үйірмеге белсене қатысты.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы