- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология бөліміне Kirtas Kabis III автосканер аппараты сатып алынды.
Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология бөліміне Kirtas Kabis III автосканер аппараты сатып алынды.
Білім жолында ұстаздардың да, студенттердің де ұстанар темірқазығы - оқулық.
Пән кітаптары жеткілікті әрі сауатты болса, екі жақтың да ұтары мол. Университет студенттерінің пән оқулықтарының жеткілікті болуы, кітапхананың техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, университет тарапынан Ғылыми кітапханаға бөлінген қаражаттың мол екендігін байқатады.
Кейбір факультеттерде жаңа мамандықтардың ашылуына орай кітапханаға қорды жаңадан жабдықтау міндеті жүктелді. Оқырмандардың сұранысын қамтамасыз етудің маңызы зор болғандықтан, Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология бөліміне Kirtas Kabis III автосканер аппараты сатып алынды.
Kirtas Kabis III бірегей технологиясы оқулықтарды дәстүрлі түрден жоғары сапада әрі жылдам, әрі ұқыпты электронды түріне айналдыруды қамтамасыз етеді. Сканер 49 г/м2 до 300 г/м2 қабаттықтағы беттерді және 400-ден 600-ге дейн көлемдегі кітаптарды сандық жүйеге айналдырады. Операторға сканердің параметрін ғана көрсету жеткілікті, ал қалған қызметтерді реттеуді, құжаттардың орналасуын автоматты түрде аппраттың өзі орындайды. Аппараттағы жүзеге асып жатқан өнім SureTurn Вакумдық технологияда сағатына 3000 бетті ұқыпты парақтап, оператордың қадағалауынсыз атқарады түпнұсқасына ешқандай зақым келтірмейді.
Аппараттағы Bookscan Editor бағдарламасы 177 тілді анық таниды, форматтайды және түзейді. Сандық жүйеге айналдырылған беттер JPEG, TIFF және PDF форматта сақталады, Microsoft Office-ке қатысты XML және Microsoft PowerPoint мәтінде шығады.
Ақпараттық технология бөлімінің басты мақсаты «Электронды кітапхана» құру, қорды әрдайым толықтырып отыру, сақтау және жинақталған ақпарат көздерін оқырмандарға жеткізу болып табылады.