«Бизнес пен Ғылымның өзекті мәселелері» атты семинары

7 наурыз, 2012

2012 жылдың 28 ақпанында механика-математика факультетінде, Лиссабондағы Исел инженерлік және компьютерлік технология институтының президенті, профессор Жозе Карлосом Куадрадо «Бизнес пен Ғылымның өзекті мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинар инженерлік және техникалық, білім мен ғылым саласында жаңа инновациялық технологияны енгізу және жоғары сатыға көтеру мәселелері жөнінде өрбіді.

Г. Куадрадо Исел институтын нұсқа ретінде слайдын көрсетіп, инженерлік және техникалық ғылымындағы мәселелерді шешетін жобаны көрсетті.

Семинарға механика-математика факультетінің қызметкерлері, Стратегиялық сараптама және болжау орталығының директоры Г.М. Муканова және бөлім қызметкерлері, Ғылыми кітапхананың директоры Г.М. Мусагалиева, Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі А.М. Айтуарова және бөлім қызметкерлері К.М. Кульжанова., Ж.С. Абатова қатысты.

Семинарға қатысушылар үлкен қызығушылық тудырып, ҚазҰУ-дың оқу жүйесінде және қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмысында ғылымның жаңа жетістіктеріне жетуіне бұл ақпарат қажет әрі үлкен пайдасын тигізеді.