ҚАЗҰУ – ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ АТАНДЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA Ranking) рейтингінде отандық ЖОО-лар арасында бірінші және үздік университеті болып танылды.
Барлық индикаторлар бойынша ең жоғары балл жинай отырып, ҚазҰУ университеттегі білім және ғылым саласындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары беделін тағы да растады.
Рейтингте ЖОО-лардың академиялық ресурстарының сапасы бойынша талдау, ЖОО-лар қызметінің сапасын сараптамалық бағалау, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік сауалнамасы мен студенттер арасында жүргізілген сауалнаманы қамтылған.
Сондай-ақ, IQAA Ranking нұсқасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 2023 жылғы веб-сайттары рейтингінің қорытындысы бойынша ҚазҰУ еліміздің басқа жоғары оқу орындары арасында жетекші рөлге ие болды. Веб-сайттардың рейтингін есептеу әдістемесі келесідей 8 критерий негізінде жүзеге асырылады: веб-сайттың өлшемдері, ақпараттық толықтыру, сайттың жаңартылуы, сайттың дизайны және навигациядағы ыңғайлылығы, сайтты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну, кірулер саны, сайтқа сілтемелер саны, сайттың жылдамдығы (компьютерде және мобильді құрылғыларда).
Агенттіктің 2023 жылғы қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми жарияланымдары бойынша рейтинг қорытындысына сәйкес ҚазҰУ Назарбаев Университетінен кейін екінші орынды иемденді. Сәйкесінше оқу ордасы еліміздің жетекші университеттерінің көшбасшыларының үштігіне кірді. Бұл рейтингте Scopus-тағы басылымдар саны, Scopus-тағы Хирша индексі, Web of Science-тегі басылымдар саны, Web of Science-тегі Хирша индексі, Science Index-тегі басылымдар саны (РИНЦ ядросы), Science Index-тегі Хирша индексі (РИНЦ ядросы) ескерілді.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік-Рейтинг (IQAA Ranking) қазақстандық жоғары оқу орындарына өз позицияларын анықтауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, жоғары оқу орнының сапалы жұмысына жәрдемдесуге, ең бастысы - білім алушылардың көп санын тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылық шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық жоғары оқу орындарын саралау қорытындылары ресми сайтта https://iqaa-ranking.kz/ және «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі