Факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаралды
Университет факультеттерінің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаншалықты? Ректораттың 12 наурызында өткен кезекті мәжілісінде осы сұрақтар кеңінен талқыланды.
Бұл күні химия және химиялық технология, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық факультеттердің МАҚ-қа дайындығы сөз болды. Факультет декандары ескертулер бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Қалған факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы алдағы уақытта таразыланады.
Мәжілісте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Лиссабон жоғары инженерлік институты арасында қос дипломдық білім беру бойынша оқу жоспары құжатына ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Лиссабон инженерлік институтының президенті Хосе Карлос Квадрадо және механика-математика факультетінің деканы Дархан Жұмақанұлы қол қойды. «Қазақ университеті» баспасының директоры Алмас Асан баспаның даму трендтерін баяндады. Бұл жолы да құрмет грамоталары мен алғыс хаттар өз иелерін тапты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі