РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

14 наурыз, 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 15-16 наурыз күндері еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында «шығыстану» - 050209; 5В020900 мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтеді.

Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан 2-3-4 курс студенттері қатыса алады.

Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең – әр оқу орнының өз ішінде өтеді;

2) екінші кезең – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде (базалық оқу орны) өтеді;

Жоғарғы оқу орындарының өз ішінде құрылған конкурстық комиссия бірінші кезеңнің нәтижесіне сәйкес ең үздік студенттерді анықтап, оларды сайыстың екінші кезеңіне қатысуға базалық оқу орны - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетіне жіберуі керек.

Жоғарғы оқу орындары өз студенттерін олимпиаданың 2 кезеңіне қатысуға жіберу үшін, осы жылдың 5 наурызына дейін базалық оқу орнына олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижесі туралы проректордың қолы қойылған хат (см. на сайте www.edu.gov.kz) және олимпиадаға қатысушының өтінішін жіберуі керек. Еліміздің басқа аймақтарындағы оқу орындары өтінішті электрондық почта арқылы жіберулеріне болады.

Олимпиадының екінші кезеңі 2 турдан тұрады:

Екінші кезеңнің бірінші туры: жазбаша

1-ші тапсырма: тест жазу

2-ші тапсырма: эссе жазу

Тест жазу: 1. Лексика-грамматикалық тест;

2. Шығыс елдерінің елтануына қатысты тест;

Тест жазуға 100 минут уақыт беріледі.

Тест 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.

Эссе жазу: (эссенің көлемі әр тіл бойынша жеке бекітіледі)

Қытай тілі бойынша: 500-600 иеороглиф шамасында.

Эссе тақырыптарының конвертке салынған 3 нұсқасының біреуі сол жерде қатысушылар мен қазылар алқасының қадағалауымен таңдалып алынып, ашылады.

Эссе жазуға 60 минут уақыт беріледі.

Эссе 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.

Бірінші кезеңнің тапсырмасын бағалау өлшемдері:

1. Мазмұндылығы және тақырыпқа сәйкестігі;

2. Логикалық бір ізділік;

3.Стилистикалық және лексика-грамматикалық сауаттылық;

Бірінші турдың балл көрсеткіштері бойынша алғашқы тұрған 20 адам сайыстың екінші турына өтеді.

Олимпиаданың екінші кезеңі: қатысушының өзіндік жеке жобасын ұсыну

Қатысушы инновациялық технологияларды пайдаланып оқитын елдің қазіргі заманғы мәселелеріне қатысты презентация дайындауы керек.

Екінші кезеңнің тапсырмасын бағалау өлшемдері:

1. Мазмұнды-ақпараттық толыққандылығы;

2. Логикалық бірізділік, дәйектілік және мәселені толық аша білу;

3. Шығармашылық ізденіс, жаңашылдық (мәселеге қатысты өз ойын білдіру), мәдени-әлуметтік және кәсіби саралау;

4. Лексика-грамматикалық және стилистикалық тілдік сауаттылық;

5. Презентация:

- презентацияның жан-жақтылығы;

- көрнектілігі;

- берілген уақытқа сәйкестігі: 15 минут

Қатысушыларға өз жобаларын ұсынуға қажетті барлық жағыдай жасалады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ

15.03.12 – Қатысушылардың келуі және орналасуы

15.03.12 – 16.03.12 – Олипиада өтетін күндер

16.03.012 - Олимпиаданың жабылу салтанаты

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, шығыстану факультеті

ОЛИПИАДАҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

Қатысушы студентті жіберіп отырған жоғарғы оқу орны олимпиадаға қатысуға кететін шығынды (қатысушының жолына, тамағына, жататын орнына қатысты шығындар) өздері көтереді.

Өтініш 2012 жылдың 5 наурызына дейін төмендегі электрондық пошталарға жіберілуі керек:

Қытайтану кафедрасы: monikaassyl@mail.ru

Арабтану кафедрасы: jseimerova@mail.ru

Жапонтану кафедрасы: dari79mail.ru

Форма заявки на участие:

ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ В ПРЕДМЕТНОЙ СТУДЕНЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЕ

Заявка

  1. ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО

УЧАСТНИКОВ:__________________________________________________________

______________________________________________________________________

2.МЕСТО УЧЕБЫ:________________________________________________________

(наименование учебного заведения, курса)

3.СПЕЦИАЛЬНОСТЬ:_____________________________________________________

4.КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН:_______________________________________________

_______________________________________________________________________

5.E-MAIL__________________________________________________________________

________________________________________________________________________

6.РУКОВОДИТЕЛЬ ________________________________________________

(подпись)