Экономикалық кеңістікте жаңа экономика құру жолдары

15 наурыз, 2012

16-17 наурызда аралығында (сағ. 10.00-де, 15 қабат, мәжіліс залы) «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты халықаралық конференция өтеді. Онда отандық, алыс және жақын шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалады.

Конференцияның мақсаты – түрлі мемлекеттерінің ғалымдарымен Еуразия кеңістігіндегі аймақтық одақтарының қатысушы-елдерінің инновациялық дамуын жеделдететін интеграциялық үдерістердің рөлі жөнінде мәселелерді талқылау. Конференцияда экономикалық ғылымның теориялары мен әдістемелерінің мәселелері, экономикалық саясаттың өзекті сұрақтары мен Қазақстанда даму тәжірибесі, экономикалық кадрларды дайындауды жақсартудағы артықшылықтар қарастырылады. Мақалалардың тақырыптары Еуразиялық кеңістіктегі, оның ішінде жаңа Жібек жолындағы, қатысушы елдердегі инновациялық үдерістердің ағымына әсер етуші интеграциялық үдерістердің дамуына қатысты көптеген мәселелерге сәйкес келеді.

Конференцияда Еуразиялық кеңістікте жаңа экономиканың қалыптасуы мен дамуы барысында инновациялық менеджменттің рөлі жөнінде теориялық және тәжірибелік мәселелер және бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарында бухгалтерлік есеп пен аудиттің қаржылық жүйелерін жетілдіру мәселелелері талқыланады, сонымен қатар кәсіпкерлік университетінің моделін құру бойынша TEMPUS бірлескен халықаралық жобаның нәтижелері ұсынылады, оның мақсаты жоғары білім жүйесі мен ғылым және инновациялық бизнестің арасындағы өзара байланысын қамту.

Талқылауға ұсынылған меатериалдар ақпараттық менеджменттегі мамандарға, сонымен қатар оқу үдерісіне қызықты болады.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің

экономика кафедрасы