Болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстауды бірінші курстан қолға алды. Осы мақсатпен әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 15 наурызда студенттік бес сайттың тұсауы кесілді.
«Ақпарат заманының талабы мен кеңістігінің кеңейуі кезеңінде, болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстау үшін ақпараттық технология мен мультимедиалық құралдармен тіл табыса білуі тиіс. Мультимедиалық материалдарды жинау, өңдеу, игеру, меңгеру және бұқараға жариялау студенттік аудиториядан бастау алады. Бүгін ашылған сайттарда жастардың тырнақ алды туындылары ғаламторға жол тартады», - дейді саяси ғылымдарының докторы, сайттың ашылуына жетекшілік еткен оқытушы Гүлмира Сұлтанбаева. Ал, zerger.ucoz.com, beles.ucoz.net, zamana.ucoz.com, bastau.ucoz.org, 103akparat.ucoz.com аталатын сайттардың мақсатымен таныстырған студент Арайлым Әкім:. «Жалпы жаңалық атаулының, ең алдымен, жастар арасында кең таралытыны рас. Сол жаңалықтың жаршысы ретінде арман қуған бір топ студент ғаламтордан өз сайтымызды аштық», - десе, «жаңалықтар, қызықты әңгімелер, оқырманмен ой бөлісу – біздің міндетіміз», - дейді студент Айша Закирянова.
Ал, Хугяни Рахимулла «103 ақпарат» деп атауымыз, «жедел-жәрдем науқасқа жылдам көмек көрсету секілді, журналист те халықты жедел-жылдам түрде ақпаратпен қамтамасыз ететін халық. Сондықтан, жедел-жәрдемнен кем емеспіз», - дейді студенттер. Студенттік сайттарда «Сыршыл сұхбат», «Соңғы жаңалықтар», «Қонақжай», т.б. айдарлар бар.
«Алдымен, Алматыны, содан соң Қазақстанды, одан соң әлемді ақпаратпен жаулап аламыз» деген студенттердің мақсаттары биік, ойлары ұшқыр, болашағы кемел екендігі бүгінгі жасаған тың дүниесінен көрінгендей болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі