Кеше 27 наурыз күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында 2012 жылдың жыл сайынғы өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2012» көркемөнерпаздар байқауының финалы өтті.
Байқаудың мақсаты: білімгерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.
Фестивальді асыға күткен студенттер биылғы байқауға да айрықша назар аударған.
Көркемөнерпаздар байқауына 14 факультеттен 1300-ден аса студенттер қатысуымен қатар, финалға 500-ге жуық студент жолдама алды.
Байқауға елімізге белгілі өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері Ермек Елгезеков – ҚР мәдениет қайраткері, композитор, Алма Аманжолова – ҚР халық әншісі, Ералхан Әбішев, Индира Расылхан, Біржан Хасанғалиев, Абай Әбішев – опера әншісі, «Өнер қырандары» тележобасының авторы, Әсел Керімбекова – Халықаралық байқаулардың лауреаты, хореограф,балетмейстр, Республикалық «Гүлдер» ансамблінің бишісі, Республикалық «Жан мейірі» журналының бас редакторы Қуаныш Кәрімдер әділ қазылық етті. «Эстрадалық ән», «Дәстүрлі ән», «Халықтық би», «Заманауи би» «Классикалық би», «Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі», «Авторлық шығармалар байқауы» және т.б номинациялар бойынша өнер көрсетті. Финалдың жеңімпаздары 30 наурыз күні өтетін «Студенттік көктем-2012» гала-концертінде марапатталатын болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі