«Тәуке ханның Жеті жарғысы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
14 қараша күні 3 курс «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуке ханның Жеті жарғысы» атты «Қатты дене және бейсызық физика» кафедрасының аға оқытушысы Ташкеева Гүлмира апайымыздың жетекшілігімен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Егеменді еліміздің тарихындағы Тәуке ханның Жеті Жарғысының маңыздылығы, атқарған рөлі мен мемлекеттік заңының бастамасы екендігі туралы жастарға терең мағлұмат беру. Студенттердің өз елін, Отанын, туған жерін сүюге - елжандылыққа тәрбиелеу. Мақсатқа жету үшін тәрбие сағатты төменде келтірілген жоспар бойынша өткіздік.
Қортындылай келе, Бөлегенова Сымбат Алихановнаға студенттердің өз қолымен жасаған мақтау қағаздарды тапсыруға ұсындық. Орындаған ән, би, басқа жағынан белсенділік танытқан студенттерге мақтау қағаз берілді