«Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумының жеңімпаздары белгілі болды

29 наурыз, 2012

29 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті бірлесе ұйымдамтырған «Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумы өтті.

Форумның мақсаты талапкерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы оларға журналистика факультетін таныстыру. «Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумына 11 облыстан 15 жеңімпаз келді. Форум жеңімпаздары 85 талапкер арасынан ақпан-наурыз айларында шығармалар байқауында іріктелінген. Жеңімпаздар: Серік Қантаев (ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы, К.Ақытов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы), Мадина Сабырғалиева (Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының 11-сынып оқушысы), Алтынгүл Сансызбай (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, 11-сынып оқушысы), Жібек Құлмұқа (Алматы облысы, Райымбек ауданы Жәмеңке орта мектебінің 11-сынып оқушысы) т.б журналистика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ә.Құрманбаева жеңімпаздарды дипломмен арнайы марапаттады. Форумда сөз алған журналистика факультетінің профессоры Қ.Тұрсын, доцент М.Сағатбек, аға оқытушы С.Дармен, А.Сәдуақасовтар талапкерлерге сәттілік тіледі.

Қай ғасырда болмасын журналист халықтың жоғын жоқтап, мұңын бірге шағысады. Сондықтан, бұл форум сіздердің журналистік өмірлеріңіздің бастамасы ғана, алдағы уақытта сіздерді журналистика факультетінің қабырғасынан үлкен өмірге қанат қағады деп үміттенеміз делінді. Жыл сайын оқуға түсуші талапкерлерді қолдау мақсатында өтетін форумға биыл 4-ші жыл. Дәстүрге айналған форумның алғашқы қатысушылары бүгінде университеіміздің 3 курс студенттері, - деді «Ұлан» газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлы. Сондай-ақ, Есей аға атап өткен бір нәрсе жеңімпаздар «Ұлан» редакциясына барып танысып, Жас тілшілер куәлігі тапсырылатындығын айтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі