30 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Халық Қаһарманы, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың 80 жасқа толуы қарсаңында және «Алматыдағы мәдениет жылы аясындағы» философия ғылымдарының докторы, профессор Молтобарова Күмісбала Ишанқызының «Режиссер Мәмбетов феномені» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітап, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен – Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың есімін ел тарихында қалдыру мақсатында, «Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді басып шығару» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған. Бұл еңбекте Қазақстанда алғаш рет режиссер тұлғасы мен шығармашылығына мәдени-философиялық тұрғыдан талдау жасалған.
Тұсаукесер аясында режиссер туралы фотокөрме ұйымдастырылып, Қазақстанның көрнекті мәдени қайраткерлері КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық Лауреаты Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі Есмұхан Обаев, Абай атындағы Қазақ ұлыттық педогогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректооры, филлософия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариева, филология факультетінің деканы Қансейт Әбдезұлы, факультет деканы Масалимова А.Р, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Құрманалиева, және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлары қатыстып, ой бөлісті. Қазіргі заманауи жағдайларда мәнісі жаңа парадигма қалыптастыру болып табылатын жаңа мәдениеттанушылық мақсат туындап отыр. Оның негізінде адам ең креативті, ең белсенді тұлға болып танылатын жаңа компонент жатыр. Өнер өмірдің көркем бейнесі ретінде қалыптастырылып, өнер тұлғасы мәдени үлгінің көшірмесі, әлеуметтік-мәдени жүйенің элементі ретінде қарекет етеді. Онда ол өзінің теңмағыналы формалардың көптүрлілігі, мәдени шындықты конструкциялау ретінде көрсетіледі. Онда арнайы бөлінген әрбір уақыттық кезеңді құндылықтық-мағыналық тұрғыдан толтыру маңызды болып шығады.
Өнерді, әсіресе, театрды бағалаудағы парадигмалық өзгерістер мен өнерді зерделеудің қазіргі жағдайларында театр өнерінде шығармашылық бастау күшеюде. Сондықтан да мәдени болмыстың әр түрлі саласындағы белсенді моденризация дәуірінде режиссердің көркемдік ссанасының эволюциясын дәстүр мен жаңашылдық, уақыттық үзілген байланыстарды жалғау, өткен онжылдықтарда маңызы кеміген адамгершілік және рухани құндылықтарға қайта оралу тұрғысынан көрсету маңызды.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы