Қазақ тілінің дамуы мен ғылыми бағыттарына арналған конференция өтеді
3 сәуір, 2012
6 сәуір 2012 жыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен М. Әуезов аудиториясында (312-ші) осы кафедраның негізін қалаған, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілетін «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы және қазіргі ғылыми бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Конференция жұмысының негізі бағыттар:
- Ғылым және ғалым тұлғасы: профессор Т. Сайрамбаевтың ғылымдағы ізі;
- Қазақ синтаксисінің өзекті мәселелері: тілдік бірліктер және оның қызметі;
- Тіл-құралдың тұлға толеранттығын қалыптастырудағы маңызы;
- Қазақ тілін оқытудағы қазіргі инновациялар, оқытудың сапасын арттыру технологиялары;
- Аудармадағы лингвистикалық мәселелер.
Конференцияны ұйымдастырушылар: филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 3-қабат, 326-аудитория
Электронды адрес: Anar Salkinbay <asalkbek@mail.ru>, isalta_69@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (727) 377-34-33; 8 (727) 377-33-30 (ішкі телефондар:13-25).
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024